Мемлекеттік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 Заңы
МАЗМҰНЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «А» корпусы – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен оны тоқтатудың ерекше
тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік
лауазымдар;
2) ауысу – мемлекеттік қызметшіні атқарып жүрген қызметінен бір мезгілде босата отырып, Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны бос не уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау
рәсімі;
3) «Б» корпусы – «А» корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
4) бiлiктiлiк талаптары – мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға
үмiткер азаматтарға олардың кәсiптiк даярлық
деңгейiн, біліктілігін және нақты мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға сай
келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
5) лауазымды адам – билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты,
уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
6) лауазымдық өкiлеттiктер –
мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге сай келетін нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген құқықтар мен мiндеттер;
7) мансаптық жоспарлау – «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің лауазымдық ауыстырылуы және кәсіби дамуы
кезеңдерін айқындауға бағдарланған процесс;
8) мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметшi – Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген
жағдайларды қоспағанда, өз қызметін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк
қызметшi;
9) мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазым санаты – тиісті біліктілік талаптары бар мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығы;
10) мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару
жөнiндегi
мемлекеттiк
қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi;
11) мемлекеттік қызметтің кадр резерві – бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы
азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі;
12) мемлекеттiк қызметшi –
мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы
төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының азаматы;
13) мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы – мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда, мемлекеттік органдардың актілерінде белгiленген және жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларға негізделген мінез-құлық қағидалары;
14) мемлекеттiк лауазым – мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық
өкiлеттiктер және лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген құрылымдық бiрлiгi;
15) мемлекеттiк саяси
қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi
саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi;
16) мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше
атқармауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық;
17) ротация – осы Заңға сәйкес мансаптық жоспарлау шеңберінде «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін
олардың келісімімен лауазымдық ауыстырулар;
18) тағылымдама – мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған
адамдардың мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы;
19) тәлімгер – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған адамға бекітілген, оның кәсіби даярлығына практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші;
20) уақытша бос мемлекеттік лауазым – аталған лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік демалыста
болуына, сондай-ақ ауыруы салдарынан, егер ауру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімін белгілеуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесіне енген болса, оның жұмыс орнында болмауына байланысты уақытша бос
мемлекеттік лауазым.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.
Закон Республики Казахстан от 23 июля 1999 года №
453-I
О государственной службе
(с изменениями и дополнениями по состоянию на 28.11.2014 г.)
Глава 1. Общие положения
В статью 1 внесены изменения в соответствии с Законом РК от 08.07.05 г. № 75-III (см. стар. ред.); изложена в редакции Закона РК от 29.12.10 г. № 371-IV (см. стар. ред.); изложена в редакции Закона РК от 14.12.12 г. № 59-V (см. стар. ред.); внесены изменения в соответствии с Законом РК от 13.06.13 г. № 101-V (см. стар. ред.)
Статья 1. Основные понятия
В настоящем Законе используются следующие основные понятия:
1) корпус «А» - административные государственные должности управленческого уровня, для которых предусмотрены особый порядок отбора в кадровый резерв, конкурсного отбора, прохождения и прекращения государственной службы, определяемый Президентом Республики Казахстан, а также специальные квалификационные требования;
2) перевод - процедура назначения государственного служащего на вакантную либо временно вакантную административную государственную должность в установленном законодательством Республики Казахстан порядке с одновременным его освобождением от занимаемой должности;
3) корпус «Б» - административные государственные должности, не включенные в корпус «А»;
4) квалификационные требования - требования, предъявляемые к гражданам, претендующим на занятие административной государственной должности, в целях определения уровня их профессиональной подготовки, компетентности и соответствия конкретной административной государственной должности;
5) должностное лицо - лицо, постоянно, временно или по специальному полномочию осуществляющее функции представителя власти либо выполняющее организационно-распорядительные или административно-хозяйственные функции в государственных органах;
6) должностные полномочия - права и обязанности, предусмотренные конкретной государственной должностью, отвечающей целям и задачам, стоящим перед государственными органами, в которых осуществляют свою деятельность государственные служащие;
7) карьерное планирование - процесс, ориентированный на определение этапов должностного перемещения и профессионального развития административного государственного служащего корпуса «А»;
8) административный государственный служащий - государственный служащий, осуществляющий свою деятельность на постоянной профессиональной основе, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан;
9) категория административной государственной должности - совокупность административных государственных должностей с соответствующими квалификационными требованиями;
10) государственная служба - деятельность государственных служащих в государственных органах по исполнению должностных полномочий, направленная на реализацию задач и функций государственной власти;
11) кадровый резерв государственной службы - сформированный в установленном законодательством Республики Казахстан порядке систематизированный список граждан Республики Казахстан, претендующих на занятие вакантных государственных должностей;
12) государственный служащий - гражданин Республики Казахстан, занимающий в установленном законодательством Республики Казахстан порядке оплачиваемую из республиканского или местных бюджетов либо из средств Национального Банка Республики Казахстан должность в государственном органе и осуществляющий должностные полномочия в целях реализации задач и функций государства;
Законом, актами государственных органов и основанные на общепринятых морально-этических нормах;
14) государственная должность - структурная единица государственного органа, на которую возложен установленный нормативными правовыми актами круг должностных полномочий и должностных обязанностей;
15) политический государственный служащий - государственный служащий, назначение (избрание), освобождение и деятельность которого носят политико-определяющий характер и который несет ответственность за реализацию политических целей и задач;
16) конфликт интересов - противоречие между личными интересами государственного служащего и его должностными полномочиями, при котором личные интересы государственного служащего могут привести к ненадлежащему исполнению им своих должностных полномочий;
17) ротация - должностные перемещения административных государственных служащих корпуса «А» по их согласию в рамках карьерного планирования в соответствии с настоящим Законом;
18) стажировка - приобретение государственными служащими, а также лицами, зачисленными в кадровый резерв административной государственной службы, по направлению государственных органов профессиональных знаний и опыта вне места постоянной работы;
19) наставник - государственный служащий, закрепляемый за лицом, впервые принятым на государственную службу, оказывающий ему практическую помощь в его профессиональной подготовке;
20) временно вакантная государственная должность - государственная должность, временно свободная в связи с нахождением государственного служащего, занимающего данную должность, в социальном отпуске, а также отсутствием его на рабочем месте вследствие заболевания, если заболевание входит в перечень видов заболеваний, при которых в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан Правительством Республики Казахстан может устанавливаться срок временной нетрудоспособности более двух месяцев.