Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар
пайдаланылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет»
саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
2) «бір терезе» қағидаты – мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік
қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін
нысаны;
3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық
маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік
қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды
тұлғалар;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке
тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген
мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын
сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен,
халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін
қызметтердің сыныпталған тізбесі;
9) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы –
көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат ұсыну жөніндегі жұмысты қамтамасыз ететін ақпараттық-анықтамалық қызмет;
10) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер
көрсету, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе;
11) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі – жеке тұлғалардың,
коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсынымдарды тұжырымдау жөніндегі қызметі;
12) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау – көрсетілетін қызметті алушыларды
орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың,
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың
тиімділігін айқындау жөніндегі қызмет;
13) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау – орталық мемлекеттік органдардың,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер,
ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтауын тексеру және мониторингілеу жөніндегі қызмет;
14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган
– өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
15) мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттік
қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі;
16) мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру – мемлекеттік қызмет көрсету
процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ оны көрсету процесінің буындарын қысқартуға, оның ішінде
автоматтандыру арқылы қысқартуға бағытталған іс-шара;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер
көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
18) халыққа қызмет көрсету орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
«бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
19) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл
шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
О государственных услугах
Закон Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года № 88-V
Статья1. Основные понятия, используемыев настоящем Законе
В настоящем Законе используются
следующие основные понятия:
1) уполномоченный орган в сфере информатизации – центральный государственный
орган, осуществляющий руководство в сфере информатизации и «электронного правительства»;
2) принцип «одного окна» – форма централизованного оказания государственной услуги, предусматривающая минимальное
участие услугополучателя в сборе и подготовке документов при оказании государственной услуги и ограничение его непосредственного контакта с услугодателями;
3) услугополучатель – физические и юридические лица, за исключением центральных государственных органов,
загранучреждений Республики Казахстан, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов
районного значения, поселков, сел, сельских округов;
4) услугодатель – центральные государственные органы, загранучреждения Республики Казахстан, местные исполнительные
органы областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимы районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также
физические и юридические лица, оказывающие государственные услуги в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
5) государственная услуга – одна из форм реализации отдельных государственных функций, осуществляемых в индивидуальном
порядке по обращению услугополучателей и направленных на реализацию их прав, свобод и законных интересов, предоставление им соответствующих материальных или нематериальных
благ;
6) регламент государственной услуги – нормативный правовой акт, устанавливающий требования по соблюдению стандарта
государственной услуги и определяющий порядок деятельности услугодателей, в том числе порядок взаимодействия с иными услугодателями, центрами обслуживания населения, а также использования
информационных систем в процессе оказания государственных услуг;
7) стандарт государственной услуги – нормативный правовой акт, устанавливающий требования к оказанию государственной
услуги, а также включающий характеристики процесса, формы, содержание и результат оказания государственной услуги;
8) реестр государственных услуг – классифицированный перечень государственных
услуг;
9) Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг –
информационно-справочная служба, обеспечивающая работу по предоставлению услугополучателям информации по вопросам оказания государственных услуг;
10) информационная система мониторинга оказания государственных услуг – информационная система, предназначенная для
автоматизации и мониторинга процесса оказания государственных услуг, в том числе оказываемых через центры обслуживания населения;
11) общественный мониторинг качества оказания государственных услуг – деятельность физических лиц, некоммерческих
организаций по сбору, анализу информации об уровне качества оказания государственных услуг и выработке рекомендаций;
12) оценка качества оказания государственных услуг – деятельность по определению
эффективности мер по обеспечению услугополучателей доступными и качественными государственными услугами, оказываемыми центральными государственными органами, местными исполнительными органами
областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимами районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских
округов;
13) контроль за качеством оказания государственных услуг – деятельность по
проверке и мониторингу соблюдения законодательства Республики Казахстан в сфере оказания государственных услуг центральными государственными органами, местными исполнительными органами областей,
городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимами районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов;
14) уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания
государственных услуг – центральный государственный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции деятельность по оценке и контролю за качеством оказания государственных
услуг;
15) автоматизация процесса оказания государственной услуги – процедура преобразования административных процессов
услугодателя для обеспечения оказания государственной услуги в электронной форме;
16) оптимизация процесса оказания государственной услуги – мероприятие,
направленное на упрощение процесса оказания государственной услуги, сокращение срока оказания государственной услуги, перечня документов, представляемых услугополучателями, а также звеньев
процесса ее оказания, в том числе путем автоматизации;
17) уполномоченный орган в сфере оказания государственных услуг – центральный
государственный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере оказания государственных услуг;
18) центр обслуживания населения – юридическое лицо, осуществляющее организацию
работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу «одного окна», а также обеспечивающее оказание государственных услуг в
электронной форме посредством получения сведений из информационных систем в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
19) веб-портал «электронного правительства» – информационная система, представляющая собой единое окно доступа ко всей
консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным услугам, оказываемым в электронной форме.